Саран қаласының жастар орталығы Халықаралық волонтерлер күніне орай қаламыздың белсенді волонтерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Іс-шара барысында жастарға арнайы алғыс хаттар табысталып, олардың қоғамға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. БДТ-11-25 тобының студенттері Аманов Ерасыл мен Шайзанда Есенкелді Саран қаласының полиция бөлімінің өткізген іс-шараларында, “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
