Бүгін, 12 желтоқсан, «Адал азамат» бағдарламасы аясында колледжімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде атап өтілді.
Шараның ашылуында колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің тарихи маңызына тоқталды. Өз сөзінде ол жас ұрпақты елін сүйетін, рухы биік, отаншыл азамат болып қалыптасуға шақырды.
Іс-шара барысында батырларымыздың ерлігіне арналған өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Бұл бағдарламаның мазмұны студенттерге үлкен рух, жігер сыйлап, отансүйгіштік сезімдерін арттыра түсті.
Салтанатты бағдарламаны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізген оқытушылар:
Денеева А.Р., Байкадамов А.А., Дәулеткерей Б., Тунгушбекова А.А., Сторчак Е.В., Копбалина К.К., Абдеева И.О., Григорьев И.А., Абжатов К.
Іс-шара бағдарламасы төмендегідей мазмұнмен өрбіді:
• Музыкалық-хореографиялық композиция «Жаңа Қазақстан»
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бүкіл зал болып орындау
• Видеоролик: «Қазақстан – Тәуелсіздік жолында»
• Литературно-поэтическая композиция
• Дуэт: «Байтақ елім»
• Қор қыздарының орындауында: «Туған жер»
• «Балбырауын» күйі
• Финал: «Өз елім»
Бұл іс-шара – мазмұны бай, тәрбиелік мәні жоғары, студенттердің патриоттық сезімін күшейткен әсерлі тәрбие сағаты болды.
