Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» Республикалық конкурсында біздің колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиет мамандығының студентті Кәдірбаева Аяна Жанғалиқызы "Үздік студент" атанды.
Білімі, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілікті насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында өткізілген жобаның маңызы зор.
Аяна, бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз!