Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жігерлі жастары-
17 қыркүйек күні жылдың ең жарқын әрі ұмытылмас оқиғаларының бірі — «Zhiger party» өткізді!
Бұл кештің негізгі мақсаты — 1-курс студенттерін біздің белсенді де ұйымшыл «Жігер» студенттік парламентінің қатарына қуана қарсы алу болатын.
Жаңа тыныс, жаңа энергия, жаңа көшбасшылар! Кеш барысында 1-курс студенттері өздерінің белсенділігін көрсетіп, парламенттің үлкен отбасымен жақынырақ танысты.
«Жігер» — бұл жай ғана ұйым емес, бұл — армандар мен мақсаттар тоғысатын, жастардың әлеуетін ашатын үлкен орта.
Сен де бізбен бірге биіктерді бағындыруға дайынсың ба? Онда «Жігерге» қош келдің!
