19 сәуір – Тазалық пен игілік күні! «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 19 сәуір күні колледж аумағында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға оқытушылар мен студенттер белсене қатысып, айналаны тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты. Бұл сенбілік жастардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!