College Activity Reports
«Үздік 100 студент» байқауы: еліміздің колледждерінің үздіктері марапатталды
2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтті.
Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Мейірханұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, колледж басшылары, педагогтер мен ардагер ұстаздар қатысты.
Байқауға 512 колледжден 2000-нан астам студент қатысып, олардың 100-і республикалық финалға өтті. Жеңімпаздар жұмысқа орналасу, әкім гранттары арқылы жоғары оқу орындарында оқу және стартап жобаларын дамыту мүмкіндіктеріне ие болды.
Сол алдыңғы қатарлы үздіктердің арасынан Қарағанды облысының жеті бірдей студенті жеңіске жетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты. Олардың қатарында – Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Кәдірбаева Аяна Жанғалиқызы жеңіске жетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты. Жетекшісі – Жаяубаев Жанбол Карымсақұлы.
Жалпы байқаудың Республика бойынша ішкі кезеңіне 2600 студент қатысса, әр өңірден республикалық кезеңге 10 студент іріктелді. Республикалық кезеңде үздік студенттерді анықтау үшін 44 эксперт әр қатысушының жұмысын бағалады.
Бұл жеңіс – тек оның емес, бүкіл колледжіміздің, ұстаздарымыздың және өңіріміздің ортақ жетістігі! Аяна шын жүректен құттықтаймыз! Әлі де алар асуы, бағындырар белесі көп болғай! Елге еңбек етіп, кәсіби биіктерден көріне беруіне тілектеспіз! Табысың тасып, жеңістерің жалғасын таба берсін, жас маман!