College Activity Reports

Новости

   Бүгін колледжімізде Саран қаласы полиция бөлімінің бастығы Ыбырай Ержан Алтыбайұлымен мазмұнды кездесу өтті.

    Кездесуге колледж директоры Темирбулатова А.А., кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, полиция қызметкерлері, бірінші және екінші курс студенттері мен оқытушылар қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен жеке қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

    Кездесу «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтіп, танымдық әрі тәрбиелік маңызға ие болды.