Новости

   «Бірлігі жарасқан – біртұтас Елміз!» 
    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты концерт өтті.
    Бұл – бейбітшілік пен достық, татулық пен келісімнің мейрамы! «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, еліміздің барлық өңірінде тойланып жатқан бұл мейрам – сан ұлтты еліміздің басты құндылығы.
    Салтанатты шараны колледж директоры Алма Асхатовна Темирбулатова құттықтау сөзімен ашты.  
Концерт барысында студенттер ән салып, би билеп, халықтар достығын паш етті.  
     Серік Шапағат (ДТ-9-24) «Атамекен» әнін тебірене орындаса, МД-9-24 тобының студенттері түрлі ұлт өкілдерінің биін көрсетті.
     Бүгінгі Қазақстан – жүзден аса ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Бұл – Елбасы мен Мемлекет басшысының сарабдал саясатының, халқымыздың даналығы мен бірлігінің нәтижесі.
     Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бейбітшілік пен келісім – еліміздің басты тірегі.  
Біз – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан, тілегі мен жүрегі бір халықпыз!
Бірлік мерекесі құтты болсын!  
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!